ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2024 | 16:53
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
16 шілдеде елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 27-29 градус жылы.
17 шілдеде көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 25-27 градус жылы.
18 шілдеде көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 24-26 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
16 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8, екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.
17-18 шілдеде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8-шығысқа ауысады, екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также