ПОДЕЛИТЬСЯ
14 тамыз 2024 | 16:52
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
15 тамызда Астанада көшпелі бұлт күтіледі, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 жылы.
16 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай соғады, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 жылы.
17 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 жылы.
Алматыда ауа райы болжамы
15 тамызда Алматыда көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз қатты ыстық 34-36 градус.
16 тамыз көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр жауады, найзағай соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Түнде ауа температурасы 24-26, күндіз қатты ыстық 33-35 градус.
17 тамыз көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр, найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз қатты ыстық 33-35 градус.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также