ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2024 | 16:35
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
20 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 16-18 градус жылы.
21 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 20-22 градус жылы.
22 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
20 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.
21 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.
22 қыркүйекте көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также