ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2024 | 16:16
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
1 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде секундына 3-8 метр, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 22-24 градус жылы.
2 қазан көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы.
3 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
1 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.
2 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
3 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также