01 қазан 2024 | 16:05

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

2 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел түнде 3-8, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.

Реклама
Реклама

3 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.

4 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

2 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.

3 қазанда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.

4 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная