"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 22, 23 және 24 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
22 сәуірде күн құбылмалы болады, түннің бірінші жартысы мен күннің соңына қарай аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9, күндіз +22...+24 градус болады.
23 сәуірде күн құбылмалы болады, түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9, күндіз +16...+18 градус болады.
24 сәуірде күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +20...+22 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
22 сәуірде күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус болады.
23 сәуірде күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, кешке қарай кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, екпіні кей уақытта 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +21...+23 градус болады.
24 сәуірде күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, екпіні кей уақытта 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +18...+20 градус болады.
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Мәскеу аудандарынан келетін циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын тудыратынын хабарлаған болатын. Жаңбыр жауып, 23 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.