ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2024 | 16:10
Астана мен Алматыда жаңбыр жауады
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
13 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.
14 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.
15 маусымда көшпелі бұлт болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
13 маусымда оңтүстік астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, жел екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы.
14 маусымда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, найзағай екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы.
15 маусымда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также