Астана мен Алматыда күн қашан жылынады - синоптиктер болжамы

Астана мен Алматыда күн қашан жылынады - синоптиктер болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 10, 11 және 12 сәуірде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 10, 11 және 12 сәуірде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

10 сәуірде күн құбылмалы, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +7...+9 градус болады.

Реклама
Реклама

11 сәуірде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...-2 градус, күндіз +12...+14 градус болады.

12 сәуірде күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...-2 градус, күндіз +14...+16 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

10 сәуірде күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +18...+20 градус болады.

11 сәуірде күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, түнде екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +20...+22 градус болады.

12 сәуірде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +22...+24 градус болады.

Қазақстанға аяз қайта оралды

Бұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Шығыста қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады деп болжанған.

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 0...-5 градусқа дейін, күндіз +10...+23 градустан, +7...+15 градусқа дейін төмендейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама