Астана мен Алматыда нөсер жауады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Алдағы күндері Астана мен Алматыда құбылмалы бұлтты және жаңбырлы ауа райы күтіледі. 12-14 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Астана мен Алматыда құбылмалы бұлтты және жаңбырлы ауа райы күтіледі. 12-14 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

12 маусымда елордада құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +27…+29 градус жылы.

Реклама
Реклама

13 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болатынын болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус жылы.

14 маусымда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +26…+28 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

12 маусымда Алматы қаласында құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус жылы.

13-14 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болатынын болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +31…+33 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама