Астана мен Алматыға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыға арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде — 15, 16 және 17 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде — 15, 16 және 17 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

15 сәуірде күн құбылмалы болады, кей кезде жаңбыр жауып, күн соңында қарға ұласады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +7...+9 градус болады.

Реклама
Реклама

16 сәуірде күн құбылмалы болады, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +2...+4 градус болады.

17 сәуірде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4...-6 градус, күндіз +6...+8 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

15 сәуірде күн құбылмалы болады, күн соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +22...+24 градус болады.

16 сәуірде күн құбылмалы болады, кей кезде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +17...+19 градус болады.

17 сәуірде күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +11...+13 градус болады.

Қазақстанда қар жауып, аяз болады

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын күтілетінін хабарлады. Солтүстік аймақтарда термометр бағаны нөлден төмен түседі, бұл жаңбырдың қарға ұласуына және көктайғаққа әкелуі мүмкін. Батыста үш күнде де, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде еліміздің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама