Астана мен тағы 4 қала тұрғындарына ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

11 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.

11 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.

Астанада бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, секундына 2-7 метрге дейін жел соғады, ауа температурасы 32-34 градус аязға дейін төмендейді. Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Реклама
Реклама

Елорда ауасындағы ПМ-2,5 қалқымалы бөлшектерінің шекті рұқсат етілген концентрациясы 3,3 есе және күкіртті сутегі үш есе жоғары болады деп күтіледі.

Ақтөбеде 11 желтоқсанда және 12 желтоқсанда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

Риддерде де метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.

Семейде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.

Өскеменде де метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная