Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына ("Рамстор" дүкені жанындағы көпір) дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22 мамырда аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, 14 мамырдан 5 маусымға дейін Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.
Сонымен қатар, 13-23 мамыр аралығында Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.