05 қыркүйек 2018 18:10

Астана полицейлері пәтерлер мен аулаларды аралайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада учаскелік инспекторлар тұрғындар туралы мәлімет алу үшін өз учаскелеріндегі пәтерлер мен аулаларды аралайтын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Астанада учаскелік инспекторлар тұрғындар туралы мәлімет алу үшін өз учаскелеріндегі пәтерлер мен аулаларды аралайтын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қызмет көрсетілетін әкімшілік аймақтарда құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын-алу және жолын кесу мақсатында 2018 жылдың 05 қыркүйегінен бастап 05 желтоқсанға дейін Астанада "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты - учаскелік инспекторлардың, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция, сондай-ақ, жедел әрекет етуші бөлімшелердің және басқа да қызметтердің күштерімен әрбір әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтарды алдын-алу бойынша жұмыстың қарқынын арттыру болып табылады.

2018 жылдың 05 қыркүйегінен бастап 05 желтоқсанға дейінгі аралықта учаскелік инспекторлар тұрғындар туралы мәлімет алу үшін өз учаскелеріндегі пәтерлер мен аулаларды аралайды, өзінің және ІІБ кезекші бөлімдерінің байланыс мәліметтері бар карточкаларды таратады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері саяжай алаптарын, құрылыс нысандарын, базарларды және жалға берілетін ғимараттарды, пәтерлерді, үйлерді аралайды. Жасалған тізімдер  шара қолдану үшін Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіледі.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары полиция есебінде тұрған тұлғаларды тексеріп, ел аумағында болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтайды. ЖААІШ барысында учаскелік инспекторлар азаматтарға уақытша тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

Бұл шара азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге және елордадағы қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталғандықтан, қала тұрғындары мен қонақтарынан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасының өткізілуіне түсіністікпен қарауларын және полиция қызметкерлеріне қолдау көрсетулерін сұраймыз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети