ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 маусым 2024 17:16
Астана полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады
Елордада бұршақ жауып, қатты жел соқты. Ауа райының қолайсыздығы жолдарда коллапс тудырып, көптеген жол-көлік оқиғасына себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордада бұршақ жауып, қатты жел соқты. Ауа райының қолайсыздығы жолдарда коллапс тудырып, көптеген жол-көлік оқиғасына себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуды ескертеді.
"Бүгін таңертеңнен бері елордада 87 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Астана Полиция департаменті ауа райының құбылмалылығы мен нашарлауына байланысты жүргізушілерді көлік жүргізген кезде мүмкіндігінше мұқият және абай болуға, түрлі гаджеттерге, соның ішінде ұялы телефондарға алаңдамауға шақырады", - деп хабарлады Астана ПД тілшіге.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерден де аса сақ болуды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу