ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2018 | 13:31
Астана прокуратурасы тариф белгілеу тәртібінде ережебұзушылықтарды анықтады
Астана прокуратурасы монополистер - "Астана-Энергия", "Астана-РЭК", "Астана-Теплотранзит" АҚ және "Астанаэнергосбыт" ЖШС жылу және электрмен қамтамасыз етуге тариф белгілеудің заңдылығына тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы компаниялардың табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың ережебұзушылықтарына жол бергені, бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны анықталды. "Астанаэнергосбыт" ЖШС монополияға қарсы органмен шекті бағаны келісу кезінде 1 кВт/сағатты сатып алу 11,8 теңгеге жүзеге асырылады деп көрсеткенімен, шын мәнінде ол екі есеге арзанға сатып алынған.
Сондай-ақ, тұтынушыларға залал келтірген монополия субъектісінің әрекеттерінің бірі тарифтік смета шығындары баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшердің 5 пайыздан аса орындамаған болып табылады. "Астана-Энергия" АҚ 2017 жылға жалпы сомасы 474 миллион теңгеге шығындар баптарын орындамаған. Жоғарыда аталған сома тұтынушыларға өтелуі тиіс.
Прокуратура енгізген актілердің негізінде 3 монополист үшін электр мен жылу бағаларын 1,2 миллиард теңгеге төмендететін уақытша өтемдік тариф енгізілді. Қазіргі уақытта жылумен жабдықтауға арналған тарифтер бір Гкал үшін 3016,52 теңгеден 2842,99 теңгеге және электр энергиясына бір кВт/сағат үшін 14,59 теңгеден 13,89 теңгеге төмендетілді.
Показать комментарии
Читайте также