ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 ақпан 2017 20:10
Астана прокуроры ауысты
Астана прокуроры Сабыржан Бекбосынов зейнетке шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"14 ақпандағы бұйрыққа сәйкес, Дембаев Болат Бекназарұлы Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды", - деп хабарлады қалалық прокуратурадағылар. Бұған дейін ол ҚР Бас прокуратурасының 10-шы департаментінің басшысы болған еді.
Болат Дембаев. ҚР Бас прокуратурасының сайтынан алынған сурет
Сабыржан Бекбосынов зейнет жасына жеткендіктен, қызметінен босатылды. Ол 2014 жылдың қазанынан бері Астана прокуроры болған еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу