Астана қаласында және үш облыста дауыл тұратыны хабарланды

© Тұрар Қазанғапов

Астанада, Батыс ?аза?стан облысында, А?мола ж?не Атырау облыстарында дауыл?а байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? Т?тенше жа?дайлар департаментіне сілтеме жасап.

Астанада, Батыс Қазақстан облысында, Ақмола және Атырау облыстарында дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Астанада 8 желтоқсанда күндіз, 9 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыс желінің секундына 15-20 метрге жетуі күтіледі. Кей уақытта бұрқасын күтіледі. Ақмола облысында 8-9 желтоқсанда оңтүстік-батыс желінің секундына 15-20 метрге, кейбір жерлерде 25 метрге дейін жетуі мүмкін. 8 желтоқсанда түнгі уақытта Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, 20-25 градусқа дейін аяз күтіледі. Ал Атырау облысында 12-20 градусқа дейін аяз болуы мүмкін", - делінген Астана қалалық ТЖД сайтында.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда сағат 10.30-дан бері ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түріне "Астана-Көкшетау" тасжолындағы қозғалыс жабылған болатын.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, бүгін синоптиктер алдағы күндері қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болатынын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама