Елорадамыз Астана қаласының туған күніне орай үш нүктеден мерекелік от шашу атылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының 16-жылдық мерейтойына байланысты өтетін мерекелік отшашу бәрінің де көңілінен шығады.
"Мерекелік отшашу кез-келген мейрамның шарықтау шыңы, балаларды да, ересектерді де таң қалдыратын оқиға. 6 шілдеде сағат 22.30 Астана күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашуды алғаш рет қаланың үш нүктесінен ату жоспарланып отыр. Біріншісі Есіл өзенінде Астаналық паркке қарсы, екіншісі - Хан Шатырға қарсы және үшіншісі "Қазақстан" СК кешеніне қарсы жерде орналаспақ", - делінге хабарламада.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, биыл пиротехникалық шоу бәрінің де көңілінен шығады. Оның бір ерекшелігі - судағы арнайы эффектілер. Есіл өзенімен отты кемелер жүзеді, гүлді гейзерлер атылады, су үстінен Астананың символы - "Бәйтерек" жасалады. "Қазақстан Салют" компаниясының президенті Вадим Гостевтің айтуынша, мерекелік салют атуды ұйымдастыруға 20-ға жуық кәсіби пиротехник тартылды. Жалпы, 5 мың пиротехникалық снаряд қолданылмақ. Салюттың ұзақтығы 5-20 минут болады.