Астана Си Цзиньпиннің сапарына дайындалып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Tengrinews.kz/Надежда Лыкова

Қазақстан астанасы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан астанасы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді.

Реклама
Реклама

Құрметті қонақтың сапарына орай Астананың басты көшелеріне екі елдің тулары ілінген.

Елордада күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізіліп, кейбір көшелер жабылды.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысындағы өзгерістерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жолдарға уақытша белгілер мен көрсеткіштер орнатылады.

Айта кетейік, сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама