24 мамыр 2023 | 12:29

"Астана су арнасы" тұрғын үйдің бірінде не себепті су тапшы екенін түсіндірді

"Астана су арнасы" МКК елорда көшелерінің бірінде су тапшылығының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Астана су арнасы" МКК елорда көшелерінің бірінде су тапшылығының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұхамедханов көшесі бойындағы 4 "А" (BI City Tokyo D блогы ТК) тұрғын үйіндегі су тапшылығына қатысты айтатын болсақ, осы мәселені шешу мақсатында тұрғындар, әкімдік және "Астана Су арнасы" кәсіпорны өкілдері, сондай-ақ қызмет көрсетіп отырған «BI Service» ЖШС басшылығымен кездесті. Осы жиында "Астана Су арнасы" мамандары су тапшылығына тұрғын үйдің өзіндегі ішкі желілердің дұрыс тартылмауы себеп болғанын түсіндірді", - делінген аталған мекемедегі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Осы орайда "Астана Су арнасы" кәсіпорнының мамандары сүзгілерді тазалағаннан кейін, пәтерлерге су жіберілген.

Реклама
Реклама

"Бұл тұрғыда сервистік компанияға тұрғын үйдің жертөлесіндегі су жүретін желілерді түзетіп, қайта жасау нұсқауы берілді", - деп нақтылады кәсіпорын мамандары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная