ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2022 | 14:37
Астана тағы Гиннес рекордтар кітабына енді
Қазақстанның астанасы Гиннестің рекордтар кітабына атауын ең көп өзгерткен қала ретінде енді. Бұл туралы бірінші болып британдық The Economist басылымы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның астанасы Гиннестің рекордтар кітабына атауын ең көп өзгерткен қала ретінде енді. Бұл туралы бірінші болып британдық The Economist басылымы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылымда "Ойлан, атауы ең көп өзгерген қала қай елде?" деген атаумен мақала шығарып, 60 жыл ішінде Астананың атауы бес рет өзгертілгенін жазды. Қала Гиннестің рекордтар кітабына енер алдында, яғни 17 қыркүйекте бұрынғы атауына ауысқаны да жазылып, бұл рекордты жаңартуға мүмкіндік бергені айтылған.
Гиннестің рекордтар кітабының сайтында Астана 1997 жылы Қазақстанның астанасы болғаны, бастапқыда Ақмола деп аталғаны туралы ақпаратта бар.
Айта кетейік, Астана 1961 жылдан 1991 жылға дейін қала Целиноград деп аталды, ол "тың жерлер қаласы" дегенді білдіреді. Ол Тың және пайдаланылмаған жерлерді игеру үшін кеңестік науқан аясында Ауыл шаруашылығын кеңейту бағдарламасының орталықтарының бірі болды.
1961 жылға дейін ол Ақмола деп аталды. Ақмола 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған кезде қаланың атауы ретінде қабылданды.
Кейінірек 1998 жылы қала - Астана, 2019 жылы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
2022 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қалаға бұрынғы атауы Астана қайтарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также