ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2023 | 10:07
Астана тұрғындары арасында ең танымал көлік маркасы қандай?
Күн сайын Астана жолдарында орта есеппен 300 мыңнан аса көлік жүреді. Олардың басым бөлігі жеңіл көліктер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Күн сайын Астана жолдарында орта есеппен 300 мыңнан аса көлік жүреді. Олардың басым бөлігі жеңіл көліктер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Sergek Group тобының баспасөз қызметі мәліметінше, Астанада жеңіл көліктер жиі жүреді (91,4 пайыз), оның ішінде: 71,6 пайызы қарапайым жеңіл көліктер, 13,8 пайызы жеткізу қызметі мен такси, 5,9 пайызы ірі көліктер. Астанадағы басқа көліктер - автобустар, шағын автобустар және жүк көліктері.
Көлік сарапшылары астаналықтар арасында ең танымал көліктерді де атады.
"Жеңіл көліктері арасындағы үздік 3 бренд: Toyota, Hyundai және Kia. Үштен бірі - барлық басқа брендтер, жеке-жеке аз мөлшерде", - деді Sergek Group Tengrinews.kz ресми сауалына.
Астанада Toyota маркалы автокөлік иелері - 20,9 мың немесе 19,8 пайыз. Екінші орында Hyundai маркалы автомобильдер - 15,3 мың немесе 14,8 пайыз. Үшінші орында - Kia, елордада мұндай машиналар 8,9 мың немесе жалпы санның 8,6 пайызы. Төртінші орында ресейлік Lada маркасы (7,8 мың); бесінші орында - Chevrolet (7,1 мың); алтыншы орында - Volkswagen (5,6 мың); жетінші орында - Nissan (4,7 мың); сегізінші орында - Mercedes-Benz (3,6 мың). Астанада жеке есептегенде аз ғана болатын басқа автокөлік маркалары шамамен 29,3 мың.
Toyota жүргізушілері Астанаға көбінесе Ақмола облысынан, Алматы мен Қарағандыдан келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также