Астана тұрғындары аспаннан белгісіз жарқылды байқады

Айнұр Қапышова Корреспондент
Астана тұрғындары аспаннан белгісіз жарқылды байқады

5 наурызға қараған түні Астана тұрғындары аспаннан жасыл немесе көгілдір түсті ерекше жарқылды байқады. Елордалықтар бұл ерекше құбылыстың бейнекадрларымен желіде бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 наурызға қараған түні Астана тұрғындары аспаннан жасыл немесе көгілдір түсті ерекше жарқылды байқады. Елордалықтар бұл ерекше құбылыстың бейнекадрларымен желіде бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Threads желісіндегі қолданушылардың айтуынша, сағат 20:00 шамасында аспанда жасыл түсті жарық жарқ етіп, бірден көшедегі шамдар өшіп қалған, кейбірі көгілдір жарқылды көрген. Осыдан кейін елорданың сол жағалауында электр қуаты өшіп қалған.

Астаналықтар сол аймақтағы тұрғын үй кешендері жарықсыз қалғанын жазып жатыр.

Реклама
Реклама

Пікір жазушылар бұл қысқа тұйықталу болуы мүмкін деген болжам айтады.

"Қосалқы станцияда қысқа тұйықталу немесе ажырату кезінде доға пайда болған. Көшедегі натрий шамдары ... осындай нәрселерге сезімтал келеді. Өшіп қалып, суығаннан кейін қайта қосылады ... бұл шамамен 30 секунд", - деп жазады қолданушылардың бірі.

Сондай-ақ бұл жердегі қандай да бір жарылыстан болған құбылыс деген болжам да айтылды.

Болған жағдайдың себебін «Астана-РЭК» компаниясы түсіндірді.

Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында компания оқиғаның себебі - электр желісінде технология бұзылғанын хабарлады.

«2026 жылғы 5 наурызда сағат 19:54-те қолайсыз ауа райына байланысты 10 кВ әуе электр желісінде технология бұзылды. Оқиға орнына жедел-шығу бригадасы жіберілді», - деп хабарлады «Астана-РЭК» АҚ.

Заречный кентіндегі Жиделі, Ақниет және Үшкөпір көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалды.

Компания мәліметінше, жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін электрмен жабдықтау сағат 23:20-да толық қалпына келтірілді.

Бірнеше жыл бұрын Астана тұрғындары дәл осындай құбылысты байқаған болатын. Ол кезде елордалықтар метеорит немесе кометаны көрдік деп ойлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама