Астана тұрғындары “Атырау“ көпірінің жағдайына алаңдаушылық білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Астана тұрғындары “Атырау“ көпірінің жағдайына алаңдаушылық білдірді

Астана тұрғындары "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Олар өткелдің фото және видеоларын редакцияға жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғындары "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Олар өткелдің фото және видеоларын редакцияға жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Куәгерлердің айтуынша, көпір қауіпті көрінеді. Видеода конструкцияның бір жағы тіреуге тимей тұрғаны байқалады.

Реклама
Реклама

"Бұл – Орталық саябақтағы "Атырау" көпірі. Көпір конструкциясының бір жағы тірекке тиіп тұрған жоқ", – деп жазды оқырман редакцияның WhatsApp-нөміріне.

Суреттерде көпірдің осы бөлігі көрсетілген.

Астанадағы "Атырау" көпірі. Фото: Tengrinews.kz оқырманынан

Әкімдікте не дейді?

Tengrinews.kz бұл мәселеге қатысты әкімдікке сауал жолдады. Онда қазіргі уақытта "Атырау" көпіріне тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тексеру қорытындысы бойынша өткелдің нақты жағдайы және жөндеу қажеттілігі анықталады.

"Тиісті қорытынды алынғаннан кейін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемі жоспарланып, жүзеге асырылады", – деп сендірді әкімдікте.

Айта кетейік, Астанадағы Орталық саябақта орналасқан "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірі 2018 жылы салынған. Ол елорданың оң және сол жағалауын байланыстырады. Көпір Атырау облысы тарапынан 20 жылдық мерейтойға орай тарту етілген. Жобаның сол кездегі жалпы құны шамамен 6 миллиард теңге болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама