Астана тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды: коммуналдық қызмет тексеріс жүргізді

Астана Фото © Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

Жағымсыз иіс Астана тұрғындарының ұдайы шағымданатын мәселелерінің біріне айналғанына бірнеше жыл болды. Бұл жолы елордалықтар қаланың әртүрлі ауданында түнде сезілген өткір иіс туралы хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жағымсыз иіс Астана тұрғындарының ұдайы шағымданатын мәселелерінің біріне айналғанына бірнеше жыл болды. Бұл жолы елордалықтар қаланың әртүрлі ауданында түнде сезілген өткір иіс туралы хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындар бірінің Threads әлеуметтік желісіндегі жазбасы талқылаудың жаңа толқынына себеп болды. Ол неге елордада түнде күкіртсутегі немесе кәріз иісіне ұқсайтын өткір иіс шығатынына таңданыс білдірген.

"Неге түнде бүкіл қаланы сасық иіс басады? 19, 20, 21 сәуірде күкіртсутегі мен кәріздің қолқаны қабатын иісі шықты. Мен "Еуразия" ауданында тұрамын, барлық жерде тек түнде иіс шығады. Таңғы сағат 4-те тұрып, барлық терезені жабуға тура келді",- делінген жазбада.

Жарнама
Жарнама

Қала тұрғынының жазбасына бірнеше жүздеген пікір жазылды. Tengrinews.kz редакциясы жағымсыз иіске қатысты сауалды елорданы сумен қамту және су бұрумен айналысатын "Астана Су Арнасы" мекемесіне жолдады.


Әлеуметтік желіден алынған скриншот

Коммуналдық кәсіпорын өкілдері тұрғындардың шағымынан кейін екі сағаттан астам уақытқа созылған жедел көшпелі тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Астана Су Арнасының" мәліметінше, мамандар газанализаторларды қолдана отырып, ауаға аспаптық бақылау жүргізген. Олардың деректері бойынша, құрылғылар атмосферада күкіртсутегі немесе басқа да зиянды газдарды анықтаған жоқ.

Сондай-ақ "Астана Су Арнасы" шағымдарда көрсетілген негізгі мекенжайлар бойынша, соның ішінде әл-Фараби даңғылындағы жаңа мешіт ауданында, Қорғалжың тасжолында және Есіл өзені жағалауында визуалды және органолептикалық тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Тексеріс нәтижесінде кәрізге тән иіс мүлдем анықталған жоқ", - делінген кәсіпорын жауабында.

Сонымен қатар қалалық су бұру жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны, аталған учаскелерде апаттық жағдайлар немесе қалдықтардың шығуы тіркелмегені хабарланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама