17 қаңтар 2024 | 10:41

Астана тұрғындары криптовалютаны қолма-қол ақшаға заңсыз айырбастаған

видео кадры

ҚМА Астана бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Астана бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

"Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 миллиард теңге болған. Олар 1,5-нан 2,5 пайызға дейін сыйақы комиссия алып отырған.

Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот А.В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

"Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеміз.

Егер өкілетті теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар дерегі жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная