Астана тұрғындары ұялы байланыс ақауларына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада ұялы байланыс компаниясының абоненттері Интернетке қосылуда қиындықтарға тап болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде қолданушылар жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада ұялы байланыс компаниясының абоненттері Интернетке қосылуда қиындықтарға тап болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде қолданушылар жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғындары Activ мобильді компаниясының Instagram-парақшасындағы жазбаларына байланыс пен желінің жоқтығы туралы пікір қалдырып жатыр. Кейбіреулер Қарағандыда да осындай мәселелер бар екенін айтады. Басқалары мұндай ақаулар бүкіл елде кең таралған деп болжап жатыр. Дегенмен, әзірге басқа қалаларда мұндай проблемалар тіркелмеген.

Реклама
Реклама

Kcell байланыста ақаулар пайда болғаны туралы ақпаратты растады.

"Біз Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалаларда мәліметтерді жіберу қызметінің жоқтығы дерегін анықтадық. Қазіргі уақытта мамандар қызметтің жылдам қалпына келуі үшін себебін анықтап жатыр", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама