Астана тұрғындарын белгісіз қатты дыбыс шошытты

Дина Шарипханова Корреспондент
Астана тұрғындарын белгісіз қатты дыбыс шошытты

Астана тұрғындарын қатты дыбыс шошытты. Бұл дыбыс тіпті 17-қабаттағы пәтерлерде анық естілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғындарын қатты дыбыс шошытты. Бұл дыбыс тіпті 17-қабаттағы пәтерлерде анық естілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, далада бұл дыбыс одан да қатты естілген.

Кейін Шұбар тұрғын үй алабында газ құбырын үрлеу процесі жүргізілгені анықталды. Астана әкімдігі мәліметінше, мұндай дыбыстың шығуы қалыпты.

Реклама
Реклама

"Газ құбырын толық тазарту үшін оны қысыммен тексеру және үрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар құрылыс нормалары мен талаптарына толық сәйкес орындалады және газ жүйелерін іске қосу кезіндегі міндетті технологиялық процесс саналады. Мұның бәрі газ құбырының кейінгі қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама