Астанада өзін ауқатты кәсіпкер ретінде көрсетіп, 270 миллион теңге болатын автокөлікті несиеге алып, алаяқтық жасаған ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірген.
"Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсады. Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!