ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2023 | 16:46
Астана тұрғыны алимент төлмегені үшін қамауға алынды
Астанада 2015 жылдан бері 19 миллион теңгеден аса алимент төлемеген тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада 2015 жылдан бері 19 миллион теңгеден аса алимент төлемеген тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан прокуратурасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.
Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елорда прокуратурасы өкілдері алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, әкімшілік жауапкершілік немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также