13 қаңтар 2025 | 11:32

Астана тұрғыны айыппұл төлемегені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Midjourney Midjourney

Астана тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Астана тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Сот қала тұрғынын бірнеше рет лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін кінәлі деп танып, 240 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Сотталған азамат сот орындаушысына айыппұлдың 196 миллион теңге көлеміндегі бөлігін өтегені туралы түбіртектердің көшірмелерін ұсынған.

Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл соманың мемлекет кірісіне түспегені және айыппұл төленбегені анықталды, ал түбіртектердің қолдан жасалғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Прокуратура нұсқауы бойынша сот орындаушысы сотқа айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы өтініш білдірді, бұл өтініш қанағаттандырылды. Айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды", – деп хабарлады қадағалау органында.

Жасанды түбіртектерді ұсыну дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная