10 қараша 2022 | 08:54

Астана тұрғыны бейтаныс адаммен некеде екенін 21 жылдан кейін білген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астаналық әйел 2001 жылдан бері бейтаныс азаматпен заңды некеде екенін е-gov.kz арқылы ғана білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық әйел 2001 жылдан бері бейтаныс азаматпен заңды некеде екенін е-gov.kz арқылы ғана білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жалған акті жазбасының күшін жою туралы сұрақпен ол тіркеуші органға жүгінген. Алайда некеде тұрған адаммен бірге азаматтық хал актілерін тіркеу органына келіп, осы акті жазбасының күшін жою туралы бірлескен өтініш жазуы қажет болған.

Алайда некені тоқтату оңай болмаған. Кездейсоқ күйеуі тіркеуді жою туралы арызбен АХАЖ бөліміне барудан үзілді-кесілді бас тартқан. Осыдан кейін азаматша Астана қаласының әкімшілік сотына жауапкерді некені тіркеу туралы актілік жазбаның күшін жою туралы қолайлы әкімшілік акті қабылдауға мәжбүрлеу туралы талаппен жүгінген.

Реклама
Реклама

"Судья соттың белсенді рөлі қағидатын қолдана отырып және дауды қараудың құқықтық салдарын түсіндіре отырып, тараптармен әңгіме жүргізді.

Нәтижесінде келісім бекітілді, оның шарттарына сәйкес әкімнің аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген некені тіркеу туралы актілік жазбаның күшін жою туралы әкімшілік қолайлы акті қабылдауға міндеттенеді", - делінген соттың хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная