05 қаңтар 2024 | 16:15

Астана тұрғыны жалған банкроттық үшін сотталды

Freepik

Астана тұрғыны қасақана банкротқа ұшырағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана тұрғыны қасақана банкротқа ұшырағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, "Ф" ЖШС-нің нақты иесі бола отырып, кәсіпорынды жақын туысына тіркеп, өз кәсіпорны атынан жалпы құны 331 миллион теңгеден асатын 18 көлік құралын, сондай-ақ 26 миллион теңгеден аса сомаға ақшалай қаражат шығарған азамат А.-ның қасақана банкроттығы анықталғаны хабарланды.

"Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша сот азамат А.-ға мемлекет пен заңды тұлғаларға 94 миллион теңге залал келтірген қасақана банкроттық үшін үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Комитет қасақана (жалған) банкроттық белгілері анықталған жағдайда құрылтайшылар мен лауазымды тұлғалар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және кейіннен банкроттың борыштары, яғни кредиторлар алдындағы меншікті мүлкі бойынша субсидиарлық жауаптылықта болатынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная