ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2018 | 09:19
Астана тұрғыны жол жүрісі ережесін бұзбаса да айыппұл арқалаған
Астаналық Бауыржан Сүлейменов Yvision.kz сайтында оқиғасын бөлісті. Таяуда ол қазақстандық банктердің бірінен төлем картасын алғысы келген, сонда ол шотын сот орындаушысының бұғаттағанын анықтаған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астаналық Бауыржан Сүлейменов Yvision.kz сайтында оқиғасын бөлісті. Таяуда ол қазақстандық банктердің бірінен төлем картасын алғысы келген, сонда ол шотын сот орындаушысының бұғаттағанын анықтаған.
"Борышкерлердің тізімі сайтында Шымкенттің Сұлтанбеков Бауыржан Мұратұлы деген тұрғынының (01.01.2018 - туған жылына назар аударыңыз) жол жүрісі ережесін бұзғанын білдім, жарығын қоспай жүрген, сөйтіп, 7 215 теңге айыппұл арқалаған. Бұл жағдай Шымкентте 2018 жылдың 3 маусымында болған. Ал қаулыда ғайыптан менің ЖСН нөмірім жазылған, менің жеке куәлігімнің нөмірі мен берілген уақыты жазылған (менің мәліметтерімді қайдан алған???)", - деп жазды автор.
"Яғни полиция қызметкері құжаттарды лайықты түрде тексермей, қаулы шығарған ба? Енді соның кесірінен МАИ-ге босқа бару-келу, оған бұғатталған шотымды қосыңыз", - деп ашуын білдірді қолданушы.
"Неліктен мен немесе кез келген басқа адам полиция қызметкерлерінің салақтығынан зардап шегуіміз керек? Бұл бір ғана жағдай болмауы да мүмкін. Мұндай тәртіпсіздіктен қалай құтылуға болады? Елімізде неге айыппұл дұрыс толтырылмайды?", - дейді жазба авторы.
Показать комментарии
Читайте также