25 қыркүйек 2023 15:12

Астана тұрғыны көлігіндегі әдепсіз жазба үшін жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Tengrinews.kz оқырманына

Астанада жүргізуші көлігіндегі әдепсіз стикер-жазба үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жүргізуші көлігіндегі әдепсіз стикер-жазба үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрлі жапсырма немесе әдепсіз сөздер жазылған көліктерді қаладан мезгіл-мезгіл көруге болады. Алайда мұндай жапсырмалар заңсыз және жүргізуші жауапқа тартылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz оқырманы осындай суреттердің бірін редакцияның WhatsApp-тағы +7 777 001 44 99 нөміріне жолдаған.

Как сообщили корреспонденту в департаменте полиции Астаны, водителя авто нашли и привлекли к ответственности, а именно - выписали штраф в размере 10 350 тенге.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, көлік жүргізушісі табылып, жауапкершілікке тартылған, атап айтқанда 10 350 теңге айыппұл салынған.

"Осы дерекке байланысты полицейлер Mazda автокөлігі жүргізушісін ӘҚБтК-нің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полициядағылар.

Мұндай деректер анықталса, полицейлер "102" арнасына хабарласуды ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram