08 қаңтар 2024 | 15:36

Астана тұрғыны курьер атын жамылып кокаин жеткізген

Фото: polisia.kz

Астанада азық-түлік жеткізуші атын жамылған есірткі сатушы кокаинмен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада азық-түлік жеткізуші атын жамылған есірткі сатушы кокаинмен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде қала аумағында есірткі сатумен айналысты деген күдікпен бұрын сотталған 23 жастағы тұрғын ұсталды. Ол азық-түлік жеткізуге арналған курьер деген желеумен есірткіні жасырын қойып кету арқылы сатқан.

"Интернет ресурстары арқылы тұтынушылардан тапсырыстар алған. Жеке тінту барысында сатушыдан сатуға арналған кокаин есірткі заты тәркіленген. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың автокөлігін және пәтерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде есірткінің іздері бар электронды таразылар, қаптамаға арналған полиэтилен пакеттер, сондай-ақ кокаин, мефедрон және марихуана есірткі заттарының ассортименті тәркіленген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Арнайы операция барысында астаналық азаматтан елордада таратуды көздеген 100-ден аса бір реттік есірткі заты заңсыз айналымнан алынып, тәркіленді. Тергеу барысында ұсталған азамат кінәсін мойындап, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі сатушы Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, есірткі сатуға қатысы бар сыбайластарды анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная