Астана тұрғыны полицияға өтірік айтқан: ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото:depositphotos.com

Астана тұрғыны көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Астана тұрғыны көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам "102" арнасына телефон соғып, Тәжікстан азаматы пәтерінде теракт ұйымдастырмақ болғанын хабарлады. Экстремизмге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жалған хабарлама берген 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Осы факт бойынша, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

"Жалған ақпарат берген азаматтың орташа дәрежедегі мас күйде екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Лаңкестік актісі (ауыр қылмыс) дайындалып жатқаны туралы жалған хабар бергені үшін Қылмыстық кодекс бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама