Астана тұрғындары төлемей жүрген айыппұл қарыздары миллиард теңгеден асқан

© Тұрар Қазанғапов

Астана т?р?ындары т?лемей ж?рген айыпп?л ?арыздары миллиард те?геден ас?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғындары төлемей жүрген айыппұл қарыздары миллиард теңгеден асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД-нің Әкімшілік тәжірибе басқармасының басшысы Тахир Абдурахмновтың мәліметінше, осы жылдың тоғыз айында айыппұл ретінде жалпы сомасы 2 231 443 916 теңге салынған.

"Астана ІІД 2016 жылы тоғыз айдың ішінде 303 мың 181 әкімшілік заңбұзушылық анықталған. Оның ішінде 293 мың 294 әкімшілік істер бойынша жалпы айыппұл мөлшері 2 миллиард 231 миллион 443 мың 916 теңгені құраған. Оның ішінде 925 миллион 576 мың 121 теңге өндірілген. Айыппұлды өндіру - 41,4 пайыз", - деді Тахир Абдурахмнов.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Астана полицейлері қандай жол ережелері жиі бұзылатынын айтқан. Астана қалалық ІІД мәліметінше, Астана жүргізушілері көбінде қауіпсіздік белбеулерін тақпайды және жылдамдықты мөлшеріне асыра жүргізеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама