Астана тұрғындарының саны 900 мыңға жетіп қалды

© astana.gov.kz

Астана тұрғындарының саны 900 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Әкімдіктің мәліметтеріне қарағанда, Астана халқының саны 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 861 968 адамға жетті, соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 380 856, "Есіл" ауданы - 131 449, "Сарыарқа" ауданы бойынша 349 663 адамға жетті.

"Жыл басымен салыстырғанда Астана халқының жалпы саны 9 086 адамға көбейді. 2015 жылғы қаңтар-мамырда Астана бойынша тұтастай алғанда 10 128 сәбидің туылғаны тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға көп", - дейді әкімдіктегілер.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар-мамырда АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайызға, ажырасулар санының 10,3 пайызға өскені белгілі болып отыр.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама