22 тамыз 2019 17:16

"Астана" университетіне қатысты әкімшілік іс қозғалған

© astanauniver.kz

Білім және ғылым министрлігінің мамандары "Астана" университетін кезектен тыс тексеру барысында заң бұзу әрекеттерін тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігінің мамандары "Астана" университетін кезектен тыс тексеру барысында заң бұзу әрекеттерін тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл білім мекемесі қазіргі талаптарға сәйкес келмеді: университетке қабылдау ережесі, студенттерді ауыстыру және орналастыру тәртібі, емтихан сессиясы және емтихан сессиясының қорытындысы бойынша құжаттаманы жүргізу тәртібі бұзылып, аралық бақылау кезінде академиялық саясат сақталмаған", - делінген министрлік хабарламасында.

Реклама
Реклама

Тексеру барысында әкімшілік іс қозғалып, ол 14 тамыз күні қаралған. Нәтижесінде айыппұл салынып, білім беру мекемесіне берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

"Шешім заңды күшіне енген жоқ. Университетке анықталған барлық бұзушылықтарды 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін реттеу туралы бұйрық берілді. Бұйрық орындалмаған жағдайда, іс сотқа жіберіледі", - деді министрлік.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың ішінде бұл университет 63 талапқа сәйкес келмеген.

"Сабаққа келмеген студенттердің емтихан тапсыруға мүмкіндіктері болған. Олар емтихан тапсыруға өту үшін университетке ақша төлеген. Сондай-ақ білім және ғылым министрлігіне бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы жалған мәліметтер берілген", - дейді БҒМ.

2018 жылы жұмыспен қамту деңгейі іс жүзінде 34,4 пайызды құраған болса, ал университеттің ресми есептерінде 71,3 пайыз деп көрсетілген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_343072/thumb_m/photo_104415.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда "Нұр-Сұлтан" жазуы бар жол белгілері өзгертіліп жатыр"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-nur-sultan-jazuyi-bar-jol-belgler-ozgertlp-343072/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_342839/thumb_m/photo_104166.jpeg"
    "title" => "Елордаға бұрынғы атауы қайтарылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/elordaga-buryingyi-atauyi-kaytaryildyi-342839/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_342982/thumb_m/photo_104318.jpeg"
    "title" => "Нұр-Сұлтан орталығындағы көпір қазанның аяғына дейін жөнделеді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nur-sultan-ortalyigyindagyi-kopr-kazannyin-ayagyina-deyn-342982/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_342966/thumb_m/photo_104300.jpeg"
    "title" => "Парламент Қазақстан астанасы атауын өзгертуді қолдады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/parlament-kazakstan-astanasyi-atauyin-ozgertud-koldadyi-342966/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360585/thumb_m/photo_122903.jpeg"
    "title" => "Азаматтардың белгілі бір тобына тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру ұсынылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/azamattardyin-belgl-br-tobyina-tegn-jogaryi-blm-alu-mumkndgn-360585/amp/"
  ]
]