01 шілде 2018 | 14:25

Астанада 1 шілдеде дүниеге келген сәбилерге сыйлық берілді

© astana.gov.kz

Астанада 1 шілдеде ертерек дүниеге келген балалар өзінің алғашқы сыйлығы - домбырасын алып үлгерді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада 1 шілдеде ертерек дүниеге келген балалар өзінің алғашқы сыйлығы - домбырасын алып үлгерді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы қала әкімдігімен бірлесіп екі перзентхана орталығында "Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра" атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акция Мемлекет басшысының жарлығымен биыл шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күніне байланысты ұйымдастырылған. 

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты - қазақтың ұлттық аспабы домбыраны кеңінен насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтау идеясының төңірегінде қоғамды ауызбіршілікке шақыру. Астанадағы перзентхана орталығында сағат 00.00-ден бастап 09.00-ге дейін 29 бала дүниеге келді.  

"Баламның дәл осы күні дүние есігін ашқанына қуаныштымын. Көңіл бөліп, күтпеген жерден домбыра сыйға тарту еткендеріңізге көптен көп рахмет. Қазақ үшін домбыра қасиетті аспап болып саналады", - деді Жібек Ақанақ. 

Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар бүгін еліміздің барлық жерінде аталып өтіп жатыр. Бүгін Астанада "Қазақ елі" монументінің алаңында халықтық серуен өтеді, киіз үйлер орнатылып, музейдегі ұлттық музыка аспаптары қойылады. Музейде ұлы тұлғалар мен танымал музыканттар ойнаған аспаптар ұсынылады. Бұдан басқа, дүйім домбырашылардан жиналған жалпы концерт өтеді.

© astana.gov.kz.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная