ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2019 | 14:31
Астанада 11 айлық қыздың неден қайтыс болғаны анықталды
Аяғының саусақтары іріңдеп, артынша ампутация жасалуы мүмкін делінген 11 айлық қыздың өліміне қатысты тексеру шаралары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Аяғының саусақтары іріңдеп, артынша ампутация жасалуы мүмкін делінген 11 айлық қыздың өліміне қатысты тексеру шаралары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана ҚДСД басшысы Сәдуақас Байғабылова тексеру нәтижесі туралы пікір білдірді.
"Тексеру аяқталды, кешенді сараптама жүргізілді, стациоанрда барлық кезеңде емдеу шараларына атсалысқан медицина қызметкерлер құрамына баға берілді. Медицианлық көмек көрсету тактикасы және емдеу шаралары хаттамаға сәйкесжүргізілген", - деді Байғабылов.
Департамент өкілдерінің мәліметінше, сәби жүрек-қан тамырлары, өкпе және орталық жүйке жүйесі тарапынан көптеген туа біткен ақаулары себепші болып, қайтыс болған.
"Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер жазаланбайды, себебі олар хаттама бойынша барлық іс-әрекеттерді орындады. Олар балаға барынша көмек көрсетуге тырысты, бірақ күрделі ақауларды ескере отырып, ол қайтыс болды. Егер қыздың анасы тергеу нәтижелерімен танысу жөнінде бастама жасаса, департамент барлық қажетті материалдарды ұсынуға дайын", - деп қосты Байғабылов.
Еске салайық, 11 айлық қыз биыл 16 қаңтарда көз жұмды. Қыздың анасы әлеуметтік желіде сәбиінің аяқ саусақтарынан айырылуы мүмкін екені айытылған. Ол баламен Астанаға жоспарлы ота жасауға келген, бірақ ұлттық кардиохирургиялық орталықта қызға салқын тиіп, ауырып қалдған, кейін оған "пневмония" диагнозы қойылды. Әйел пневмонияны емдеу үшін балаға катетерді табанға кіргізу салдарынан, аяғының ісініп, түсін өзгертті деп шағымданды.
Кейінірек Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында қыздың диагнозы мен жағдайы туралы айтылды. "Табан аймағындағы асқыну балада бар жүрек патологиясы салдарынан пайда болды, онда жиі кездесетін артерия тромбозы пайда болған. Осыған байланысты науқастың табанына қан айналымы бісеңдеген", - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Показать комментарии
Читайте также