ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қазан 2024 08:30
Астанада 12 автобустың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді
Астанада 12 автобустың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді. Бұл жол жөндеу жұмыстарына байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобустар жұмыстар аяқталғанша жаңа бағыт бойынша қатынайды.
"Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 15, 15А, 19, 29, 29А, 30, 40, 47, 51, 56, 55В, 121 бағыттардың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді", - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу