ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2019 | 11:36
Астанада 14 адамды үсік шалған
Астанада үсік шалған 14 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада үсік шалған 14 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"6 ақпандағы жағдай бойынша Астанада температураның төмен болуы салдарынан өткен тәулікте медициналық көмекке 14 адам жүгінді. Оның ішінде 12 адам жедел жәрдем шақыртса, екеуі - өзі келді. Зардап шеккендердің оны ересек адам және төртеуі бала. 2017 жылғы бала № 2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы орташа", - деп хабарлады басқарма өкілдері.
Қалғандары үсіктің жеңіл түрімен амбулаторлық емге жіберілді. Қайтыс болғандар жоқ.
Бұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстанда қар жауып, солтүстікте 45 градусқа, оңтүстікте 30 градусқа дейін күн суып, қатты жел, аяз болатынын ескерткен. Олар қазақстандықтардан жылытқыштарды, пеш және кішкентай балаларды бақылауда ұстауын сұрады.
Астана қаласында 5 ақпанда қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секуныдан 15-20 метр күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде қатты аяз 37-39 градус күтіледі.
Қала әкімі Бақыт Сұлтанов аязда қалған адамдарға көмек көрсетуге және жұмысшылар, оқу мекемелері мен тұрғын үй-жайларды жылумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғындарға жылы орындарда күту мен ыстық сусын ұсыну мүмкіндігін қарастыруға шақырды.
Ол мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік нысандарының (базар, ойын-сауық орталық) басшыларына, қызметкерлері үшін қысқартылған жұмыс режимін қарастыруды ұсынды. Ал қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар: өрт қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер, коммуналдық қызметтер жұмысын жалғастырады.
Показать комментарии
Читайте также