12 маусым 2024 | 14:45

Астанада 16 маусымда қай көшелер жабылады?

Фото: Астана әкімдігі

16 маусымда елордада жартылай марафон өтеді. Осыған байланысты шара барысында жолдардағы көлік қозғалысы жартылай шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 маусымда елордада жартылай марафон өтеді. Осыған байланысты шара барысында жолдардағы көлік қозғалысы жартылай шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Биылғы марафонға 20-дан аса елден 6 мың адам қатысады. Қозғалыс бірте-бірте қалпына келтіріліп, таңғы 10-ға қарай толық ашылады.

Жүгіру жолы EXPO көрмесінен басталып, қаланың басты көрікті жерлері, соның ішінде "Бәйтерек" монументі, "Хан Шатыр" сауда орталығы, Тәуелсіздік сарайы, Ботаникалық бақ, Бейбітшілік және келісім сарайы, Абу-Даби Плаза және Ұлттық мұражай арқылы өтеді.

Реклама
Реклама

Жолдардың мына учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі:

  • Түркістан көшесінің бойымен, 28/4 көшесінен Сығанақ көшесіне дейін 06:30-дан 07:30-ға дейін;
  • Сығанақ көшесінің бойымен, Түркістан көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін сағат 07:10-дан 8:35-ке дейін;
  • Нәжімеденов көшесінің бойымен, Қалдаяқова көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін сағат 07:10-дан 8:35-ке дейін;
  • Тәуелсіздік даңғылы бойымен, Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін сағат 07:20-дан 08:00-ге дейін;
  • Түркістан көшесіндегі жолдың Сығанақ көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі бөлігінде сағат 06:35-тен 08:45-ке дейін;
  • Қонаев көшесінің бойымен, Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін;
  • Қонаев көшесінің бойымен, "Хан шатыр" сауда үйі аумағының айналасында сағат 07:35-тен 09:05-ке дейін;
  • Достық көшесінің бойымен, Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін сағат 07:45-тен 09:15-ке дейін;
  • Ақмешіт көшесінің бойымен, Достық көшесінен Түркістан көшесіне дейін ЭКСПО айналасында сағат 07:05-10:00.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram