Астанада 3-4 шілдеде қай көшелерде қозғалыс уақытша шектеледі?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын хабарлайды:

    • 3 шілдеде сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша, Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);
    • 4 шілдеде сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.
Реклама
Реклама

"Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады. Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама