Астанада 32 градус ыстық, Алматыда нөсер: 27-29 мамырға арналған болжам

Астанада 32 градус ыстық, Алматыда нөсер: 27-29 мамырға арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 27, 28 және 29 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 27, 28 және 29 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

27 мамырда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +30...+32 градус.

Жарнама
Жарнама

28 мамырда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +21...+23 градус.

29 мамырда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғыда, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +28...+30 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

27 мамырда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, кешке қарай кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15 метр секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +25...+27 градус жылы.

28 мамырда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр, кей кездері екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +23...+25 градус.

29 мамырда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр, кей кездері екпіні 13 метр болады. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +25...+27 градус.

Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болатынын мәлімдеген болатын. Найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады деп болжанған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама