04 қазан 2024 | 14:02

Астанада 37 тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр: прокуратура тұрғындарға үндеу жасады

Midjourney

Астана прокуратурасы елордада 30-дан аса тұрғын үй кешенінің заңсыз салынғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство есебіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана прокуратурасы елордада 30-дан аса тұрғын үй кешенінің заңсыз салынғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство есебіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 37 құрылыс нысаны анықталған.

"Сонымен қатар, жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартады. Осы негіздер бойынша биыл аталған заңбұзушылықтар үшін ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Астана прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:

  • Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу;
  • екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
  • ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

"Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру). Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз.

Ол үшін сілтемені басу арқылы салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімімен ("Кепілдік объектілері" қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысуға болады ("Сертификаттар" қойындысы). Егер Cіз жосықсыз әзірлеушіге тап болсаңыз 71-24-87 нөміріне қоңырау шалыңыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram