02 шілде 2024 | 09:37

Астанада 4 мыңға жуық мопед пен самокат жүргізушісі жазаланды

Фото: Tengrinews.kz

Елордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазғы кезеңнің басталып, елорда жолдарында мопедтер мен самокат тебетін жүргізушілер көбейді, олар көп жағдайда ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзады.

Осыған байланысты Астана ПД полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері тарапынан заңбұзушылықтың жолын кесуге бағытталған тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатқаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Жыл басынан бері полицейлер 2900-ге жуық мопед жүргізушілері мен мыңнан аса самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мыңнан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды. Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО, электр самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді", - делінген хабарламада.

Мысалы, кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная