Астанада Абылай хан даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады

©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Астанада А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 сәуір мен 6 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

"Манас көшесіне қарай қозғалыс толығымен жабылады, бірақ А.Пушкин көшесіне қарай қозғалыс ашық болады. Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы өзгереді: Пушкин бағытындағы көлік қозғалысы жабылады, ал Манас бағытындағы көлік қозғалысы ашық болады", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама